Премьер-министр вирус жұқтырып алды

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы Мишустин президент Путинге видео конференция кезінде мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Құрметті Владирир Владимирович, жаңа ғана тест қорытындысы белгілі болды. Нәтижесі оң болып шықты. Сондықтан әріптестердің денсаулығына қауіп төндірмеу үшін Роспотребнадзор талабы бойынша оқшаулану тәртібін сақтауға тиіспін», – деді Мишустин.

Премьер-министрдің міндетін бірінші вице-премьер Андрей Белоусов уақытша атқаратын болды. Мишустиннің өзі де әрдайым байланыста болмақ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?