Премьер-министр бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Алматы, NEGE. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес

Елде болған тәртіпсіздіктер кезінде 351 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шекті, оларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет. Оның ішінде 8 өңірдегі 45 мемлекеттік орган ғимараты және 306 коммерциялық нысан бар. Олар Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында.

Бизнеске алдын ала келтірілген шығын мөлшері 98,1 млрд теңге, оның 97 пайызы Алматы қаласына тиесілі.

Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, белгіленген мерзімде бүлінген ғимараттарды техникалық-сараптамалық тексеруден өткізу және жөндеу құнын бағалау жұмыстарын аяқтап, қажетті құжаттаманы Қаржы министрлігіне енгізуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?