Премьер-лига: «Қайрат» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Алматының «Қайраты» жаңа маусымды жеңіспен бастады.

Алматы, NEGE. Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі бірінші турының екінші ойын күні өтті. Алматының «Қайраты» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде алматылық шабуылшы Хосе Канте 67-минутта пенальтиден есеп ашса, 83-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Жаңа маусымды жеңіспен бастап, турнир кестесінде көш басына шықты.

Еске салсақ, 5 наурызда алғашқы турдың шымылдығын ашқан «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары арасындағы ойында 1:1 есебі тіркелді. Ал «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз» ойындарында командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді. Сондай-ақ, «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесуінде ақтаулық клуб 1:0 есебімен басым түсті. Дәл қазір «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге есеп - 0:0. Енді екінші тур ойындары 10 және 11 наурыз күндері өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды