Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Е.Қожағапановты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған. Күдікті Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изолаторына қамалды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Естуімізше, Е.Қожағапановтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін. 

Қожағапанов әр жылдары Премьер-министрдің кеңесшісі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады