Премьер-министр Үкімет отырысынан күтпеген жерден кетіп қалды

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысын ашып, жаңа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ант беру үшін сөз берді.

Үкімет

Астана, NEGE. Дәл осы сәтте оған телефон қоңырауы келіп түскен.

Камера қайтадан премьер-министрге ауысқан кезде, Бектеновтің орны бос болып шықты.

Оның орынбасарлары Роман Скляр мен Ғалымжан Қойшыбаев бірнеше секундқа абдырап қалды, содан кейін залда үнсіздік орнады.

Жарты минут өткен соң бірінші вице-премьер Роман Скляр сөз алып, Үкімет басшысының не себепті жоқ екенін түсіндірместен отырысты жалғастырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді