Премьер-Министр бюджет шығынын қатаң бақылауды тапсырды
Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында талқылау және дауыс беру қорытындысы бойынша 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды.
Алматы, NEGE. «Республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру барысында жаңа Бюджет және Салық кодекстері ескерілген. Барлық мемлекеттік органдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың белгіленген параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бюджет қаражатын барынша тиімді және уақтылы пайдалану, сондай-ақ шығындарды қатаң бақылауда ұстау маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне Үкімет Аппаратымен бірлесе отырып заң жобаларын Парламентке 1 қыркүйекке дейін енгізу тапсырылды.