Премьер-лига: Бүгін елімізде 20-тур ойындары басталады

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры басталады, деп жазды kazinform.kz.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Бұл турдағы негізгі ойындар 15 қыркүйекте сағат 17:00-де «Елімай» (Семей) мен «Тобыл» арасында болады. Командалар биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан жанкүйерлер аталған кездесуден тартысты бәсеке күтетіні анық.

Сондай-ақ, аталған турда 14 қыркүйекте 17:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Қайсар» (Қызылорда), 19:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Астана» мен «Қызылжар» (Петропавл) кездеседі.

Ал 15 қыркүйекте 19:00-де «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?