Праймеризге вайнерлер де өтініш білдіруде

«Nur Otan» партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам қазақстандық қатысуға өтініш берді.

Алматы, NEGE. Солардың бірі танымал актер Мейіржан Төребаев.

«Алғашқы қадам жасай отырып, праймеризге тіркелдім. Алдағы уақытта елімізді әлеуметтік жағынан ғана емес, мәдени жағынан да дамытуға өз үлесімді қосқым келеді. Баршаңызға сәттілік пен жетістіктер тілей отырып, партияішілік сайлау жақсы өтіп, ойлаған армандарыңызға жете беріңіздер дегім келеді», – деді Мейіржан Төребаев Instagram-дағы парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты