Прагада университетте атыс болып, 15 адам қаза тапты (видео)

21 желтоқсан күні кешке Прагада Ян Палах алаңында орналасқан Карл университетінің өнер факультетінің ғимаратында атыс болды.

Алматы, NEGE. Алдын ала тараған ақпарат бойынша, 24 жастағы студент Дэвид Козак 15 адамды атып өлтірген. 20-дан астам адам жарақат алды.

Құқық қорғау органдары қылмыскердің қандай да бір террористік ұйыммен байланысы болуы мүмкін деген ақпаратты растаған жоқ.

Куәгерледің айтуынша, атыс шығарған ер адам 1999 жылы туған тарих факультетінің студенті. Оның бакалавриатта оқып жүрген кезінде «17 ғасырдағы поляк шаруаларының көтерілісі» деген тақырыпта еңбек жазғаны белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, ол оқиғаға дейін өзін біртүрлі ұстай бастаған және атыс кезінде алдымен әкесін өлтіргенін айтқан. 

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды