Прага Димашты жылы қарсы алды
, деп хабарлайды dimashnews.com.
Алматы, NEGE. Жақын арада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтетін Аренаның «Типспорт» аумағын жылы және мерекелік атмосфера жайлады.
Чехия, Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша, Қазақстан және басқа да елдердің өкілдері Димашты Чех Республикасының жүрегі – Прагада үлкен қуанышпен қарсы алды.
Дәстүр бойынша, Dears сүйікті әншінің әндерін бірлесіп орындау арқылы күту уақытын қысқартты.
Чехияның жанкүйерлері Димашпен қымбатты қонақтардың қонақжай кездесуін ұйымдастырды. Ұлттық Чех костюміндегі Dear қолынан дәстүрлі нан-тұзды әншінің өзі және оның ата-анасы алды. Сондай-ақ, әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық Чех стилінде қолдан жасалған әдемі сыйлықтары табыс етілді.
Күтіп алушылар өте көп болғандықтан Димашқа автомобильдің шатырына шығып отырып қолтаңба таратуға тура келді, жанкүйерлерімен сөйлесіп олардың жылы шырайлы қабылдауы үшін алғысын айтты.