19 апреля 2025 г. 15:52

Пойызда жолсерік баланы ажалдан аман алып қалды

Фото: «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі

"Алматы – Ташкент" пойызының жолсерігі пойызда жағдайы күрт нашарлаған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".

Алматы, NEGE. ЖазылуТашкентке емделуге бара жатқан 9 жастағы баланың жағдайы кенеттен нашарлап кеткен. Жолсерік 9 жастағы балаға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін құтқарып қалды.

"Келес станциясында шекаралық және кедендік тексеру кезінде Ташкентке емделуге бара жатқан 9 жастағы баланың жағдайы кенеттен нашарлап кетті. Жолсерік Қуатбек Дауылбаев жағдайдың күрделі екенін бірден байқап, дереу әрекет етті. Кәсіби әрі уақтылы көрсетілген көмектің арқасында баланың жағдайы тұрақтанып, өмірі сақталып қалды. Пойыз бастығы жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақыртты", - дейді ведомстводағылар.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық жолсеріктер жыл сайын алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы дайындықтан өтіп тұрады, дейді.