Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 19 қыркүйектен бастап бірнеше бағыттағы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін жеңілдік енгізеді.

gov.kz

Астана, NEGE. Жеңілдік дүйсенбіден бейсенбіге дейін жолға шығатын пойыздарға беріледі.

Ең жоғары жеңілдік – 30%. Ол Астана – Алматы және Астана – Өскемен бағыттарындағы отырып баратын вагондарға қатысты.

Астана – Қызылорда бағытындағы туристік купе билеті 25% арзан болады. Алматы – Маңғыстау бағытының купесіне және Алматы – Шымкент бағытындағы №11/12, №25/26 пойыздарының туристік купелеріне 20% жеңілдік жасалады.

Жеңілдік көлемі пойыз бен вагонға қарай өзгереді.

Билетті bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Қосымша мәліметті 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады.