21 июня 2023 г. 16:54

Positive Technologies және ҚБТУ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандарды даярлау орталығын құрды

Фото:

Киберқауіпсіздік саласындағы көшбасшы Positive Technologies компаниясы мен Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ақпараттық қауіпсіздік саласында тәжірибелерді дамыту мен бірлескен ғылыми және оқу жобаларын даярлау жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Өзара іс-қимылдың мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік компаниялары мен бизнесті ақпараттық қорғау үшін білікті кадрларды даярлау сапасын арттыру. Ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстанда алғаш рет өткен Positive Security Day Central Asia форумында қол қойылды.

Тараптар ҚБТУ базасында ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау практикалық орталығын құру туралы уағдаласты. Ол тиімді киберқауіпсіздікке, сарапшыларды даярлауға бағытталып, Positive Technologies озық технологияларымен жабдықталатын болады. Одан бөлек, ұйымдар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр: студенттік ғылыми-зерттеу қызметі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары. Тараптардың өзара іс-қимылы бірлескен ғылыми зерттеулерді, консультацияларды, ғылыми іс-шараларды, тақырыптық форумдар мен студенттік тағылымдамаларды өткізуді, сондай-ақ практикалық оқытудың жалпы бағдарламаларын әзірлеу үшін мамандарды тартуды көздейді.

«Ақпараттық жүйелерге кибершабуылдар санының артуымен және IT саласында мамандардың жетіспеушілігін ескере келе, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау, бірлескен зертханалар ашу және елдің кадрлық әлеуетін дамыту маңызды, – деп атап өтті Positive Technologies бизнесті дамыту жөніндегі директордың орынбасары Дмитрий Степанюк.

– Біздің компания өзіне бірегей ресурстарды тартады, ал біз өнімді киберқауіпсіздікке бағытталған компанияларды құрамыз. Біз өз тәжірибеміз бен білімімізді талантты жастармен бөлісуге дайынбыз. Бүгін қол қойылған келісім – АҚ саласындағы сараптаманы тарату және Орталық Азия мен ТМД-да нәтижелі киберқауіпсіздік тәсілін қалыптастыру үшін маңызды қадам». 

Дидар Батырышев, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры: «Бүгінде бүкіл әлем ақпараттық технологиялар саласындағы білімді игеріп, жетілдіруде. Күн сайын біз осы бағыттағы жаңалықтар,  жетістіктер туралы естіп жатамыз. Біздің елімізде цифрландыруға көп көңіл бөлінеді. ҚБТУ IT-жобаларды дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Ақпараттық технологиялар саласындағы студенттік ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, практикалық қызметтің өзекті қажеттіліктерін ескере келе, білім беру сапасын арттыру, университетіміз үшін қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары арқылы кадрлар даярлау мақсатында Positive Technologies-пен ынтымақтастық қорытындысы өте маңызды және әлеуеті зор деп санаймын», – деді.

Тегтер: