24 июня 2024 г. 11:25

Помпейдегі тарихи ескерткішке атын жазғаны үшін ұсталған қазақстандық турист босап шықты

Фото: Әлеуметтік желіден

Помпейдегі тарихи ескерткішке атын жазған қазақстандық турист туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімет берді. 

Алматы, NEGE. «Біздің азамат Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды. Құқық қорғау органдары барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін ол босатылды. Осы оқиғаға қатысты сот ісі одан әрі әкімшілік тәртіппен жүргізіледі», - деді Айбек Смадияров.

Ол Помпеи археологиялық паркіндегі Цеев үйінің ежелгі қабырғасына «ALI» деп атын жазған. Ер адам келген залалды өтейтін болды.

Ол сәулет ескерткішіне келтірілген залалды өтейтін болды.