Помпео Таяу Шығыста жүр

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Таяу Шығысқа бес күндік сапарын бастады.

Алматы, NEGE. Дүйсенбіде Майк Помпео Израильге келді, бұл – америкалық Мемлекеттік хатшының Таяу Шығысқа жасаған алғашқы сапары.

Кездесулердің негізгі күн тәртібі Израильдің БАӘ-мен қарым-қатынасын қалыпқа келтіру, сондай-ақ басқа араб елдерін Израильмен дипломатиялық қатынастар орнатуға тарту болады.

Тель-Авив әуежайына АҚШ туы бейнеленген маска тағып түскен Помпео Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесіп, алдағы күндері Судан, Бахрейн және БАӘ-ге баруы керек.

Вашингтон мен Тель-Авив Израиль аймақтың басқа елдерімен, соның ішінде Иранға қатысты ұстанымдарын қолдайтын елдермен қарым-қатынасын қалыпқа келтіре алады деп үміттенеді.

«Иерусалимде Помпео мен Нетаньяху Иранның ықпалына, сондай-ақ Израильдің өңірдегі қарым-қатынасын орнатуға және тереңдетуге байланысты өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылайды», – деді АҚШ Мемлекеттік департаменті. Сапар барысында Помпео президент Дональд Трамптың аға кеңесшісі және күйеу баласы Джаред Кушнермен бірге жүреді.