Помпео 2024 жылғы сайлауға қатысуы мүмкін
Трамп та бұған дейін осындай мәлімдеме жасаған еді. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, егер бұрынғы президент Дональд Трамп өз кандидатурасын ұсынбаса, 2024 жылы президенттік сайлауға түсуі мүмкін екенін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы.
Алматы, NEGE. Трамп саяси додаға қатыспаса, билік үшін тартысқа түсуі мүмкін бе деген сұраққа: «Мен күресуге әрдайым дайын болдым. Мен Америкаға қамқорлық жасаймын. Біз бұрыннан бері консервативті қозғалыстың бір бөлігі болып келеміз. Мен осы істі жалғастыруға тырысамын», – деп жауап берді Помпео. Бұған дейін Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп 2024 жылы қайтадан сайлануым мүмкін деген болатын. Bloomberg агенттігі ол бұл мүмкіндікті расымен қарастырып жатқанын хабарлады.