Польша Ресейге қарсы жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді

Польша Қарулы күштері Ресей авиациясының Украина аумағындағы белсенділігіне байланысты жойғыш ұшақтардың әуеге көтерілгенін мәлімдеді.

BBC

Алматы, NEGE. Бұл туралы қарулы күштердің жедел қолбасшылығы әлеуметтік желі X-тегі парақшасында мәлімдеді.

– Назар аударыңыздар. Ресей Федерациясының Украина аумағына соққы жасауы салдарынан біздің әуе кеңістігімізде Польша мен одақтас мемлекеттердің ұшақтары қолданылып жатыр, – делінген хабарламада.

Әуеге кезекші жойғыш ұшақтар көтеріліп, ал жердегі әуе қорғаныс жүйелері мен радиолокациялық барлау жоғары жауынгерлік дайындық режиміне ауыстырылды.

2025 жылдың 9-нан 10 қыркүйегіне қараған түні Польша әуе кеңістігінде төтенше жағдай тіркелді: 23-ке жуық ресейлік дрон НАТО мүшесі – Польша Республикасының аумағын бұзып кірді. Осы оқиғадан кейін Еуропарламентте Ресей дрондарының Польша шекарасын қасақана бұзғаны жөнінде жедел дебаттар өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр