Польша президенті НАТО әскерін кіргізуге рұқсат берді

Польша президенті Кароль Навроцкий НАТО-ға мүше елдердің әскери құрамының елде болуына келісім беретін қарарға қол қойды. Бұл туралы Польшаның Ұлттық қауіпсіздік бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Солтүстік Атлантика шарты ұйымының (НАТО) әскері «Шығыс сақшысы» (Eastern Sentry) операциясы аясында елде қосымша күш ретінде орналаса алады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, «Шығыс сақшысы» операциясы 10 қыркүйекте Польша әуе кеңістігіне дрондардың басып кіруіне жауап ретінде екі күн бұрын басталған. Олардың бір бөлігін әуеге көтерілген жойғыш ұшақтар атып түсірді.

Операцияның мақсаты «дрондарды пайдалану арқылы туындайтын нақты қауіптердің алдын алу».

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр