Полковник Таймерденов генералдың орнына келді

Біз бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтың қызмет ауыстырып, Алматы облыстық ПД-ға басшы болып тағайындалғанын, Маңғыстау облыстық Полиция департаментін басқарған Қанат Таймерденовтің Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығына келуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Алматы, NEGE. Бесін кезінде 46 жастағы Қанат Даниярұлы Таймерденовтің Алматы қалалық ПД бастығы болып тағайындалғаны белгілі болды. Таймерденовтің мамандығы заңгер, 2003 жылы ІІМ Академиясын бітірген. Бес баласы бар.

Таймерденов ішкі істер саласындағы қызметін 1995 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданында жедел уәкіл болып бастаған. Алматы облыстық және Алматы қалалық ПД-де ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары болған.

Алматы қалалық ПД бастығы генерал болуы тиіс. Ендеше, полковник Таймерденов те көп ұзамай генерал шенін алады деген сөз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті