Полицияның озбырлығына қарсы шерулер бейбіт сипат алды 

Джордж Флойд көз жұмғалы екі апта өтті. Алайда ереуілдер әлі күнге дейін басылмай отыр. Соңғы күндері шеру бейбіт өтуде. Яғни тәртіпсіздіктер тіркеліп жатқан жоқ.

Алматы, NEGE. Полицейлердің озбырлығына қатысты наразылығын тек американдықтар ғана емес, әлемнің өзге елдерінің тұрғындарыда білдірген.  АҚШ астанасы Вашингтонда шеру өтті. Ол соңғы күндердегі ең бейбіт әрі ең ірі акция ретінде қабылданды. Өйткені шеруге 10 мыңға жуық адам қатысты. Елдің көбі Джордж Флойдың суреті бейнеленген киім киіп келіпті. Қауіпсіздік мақсатында шаһардың орталық аудандарында көлік қозғалысы тоқтады. 

"Джордж Флойдтың қазасына қатысты 4 полицей тұтқындалды, осымен іс бітті деуге болмайды. Біз тәртіп сақшыларынан қорықпауымыз керек" дейді шеруге шыққандар. Ереуілдер Сан-Франциско, Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте өткен. Ал Джордж Флойд көз жұмған Миннеаполистің өзінде ондаған адам саябаққа жиылып, полицейлердің қолынан қаза тапқандардың құрметіне түрлі-түсті шарларды көкке ұшырды.

Шеру тек АҚШ-та ғана емес, Еуропада да өтті. Мәселен, Германияның Берлин көшелеріне шыққан мыңдаған тұрғын тізесін бүгіп, 8 минут 46 секунд үнсіз тұрды. Бұл бекер емес. Өйткені тұтқындау кезінде полицей Джордж Флойдты дәл осынша уақыт тізесімен мойнынан басып тұрған. Ұқсас шара Германияның 20 қаласында өткен екен.    

  Джордж Флойдтың қазасына қатысты шеру Азияда да, атап айтқанда, Оңтүстік Кореяда өтті. Мұнда да жұрт тізерлеп тұрып, марқұмды еске алған. Негізі әуелде тұрғындар Сеулдегі АҚШ елшілігінің жанынан жүріп өтпек болған. Алайға коронавирусқа қатысты шектеулерге байланысты шеру бағытын өзгертуге тура келді. 

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?