Полицияның қызметтік көлігіне түкірген жастар жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында полиция қызметкерлері жастардың қызметтік көлікке түкіріп, оны 19 наурыз күні TikTok-қа жариялағанын анықтады.

Полиция

Алматы, NEGE. Құқық бұзушылар 19 жастағы қыз бен кәмелетке толмаған жасөспірім тез арада табылып, полицияға жеткізілді.

Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты да шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін хаттама ресімделді.

Іс бойынша құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды, ал білім басқармасына тиісті ұсыныс дайындалып, берілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»