Полицияның қалай жұмыс істейтінін тексермек болған жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Жамбыл облысында полицияның қалай жұмыс істейтінін тексергісі келген жасөспірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 112 нөміріне қоңырау шалып, көмекке мұқтаж екенін хабарлаған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.

Жаңылыстыру үшін қоңырау шалған балалар өздерін Ақтөбе қаласында екенін айтқан. Полицейлермен әңгімелесу барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін әзіл ретінде қоңырау шалғанын түсіндірді.

 Жалған ақпарат үшін жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы (Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру, 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді