Полиция WhatsApp мессенджерін қолданатын алаяқтардан сақтануды ескертті

Жетісу облысында интернет-алаяқтардың WhatsApp мессенжерін пайдалану жағдайлары жиілеп кеткен.

Алматы, NEGE. WhatsApp мессенжерімен қоңырау шалған алаяқтар өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, қауіпсіздік және алаяқтықтықтан қорғау үшін аталған қосымша пайдаланылатынына сендіреді.

Мысалы, "Сіз онлайн несие алуға өтініш бердіңіз бе?", "Басқа қаладан карта ауыстыруға өтініш тіркелді", "Өтінімді растайсыз ба?", "Сіз Каспи және Халық банкінің клиентісіз бе?" және т. б.

"Егер сізге осылай қоңырау шалса, ешқандай мәлімет бермеңіз және әңгімені дереу тоқтатыңыз. Себебі банк қызметкерлері жұмыс қоңырауына WhatsApp мессенжерін қолданбайды. Күмән туындаған жағдайда қаскүнем болып көрінетін ұйымның ресми байланыс нөміріне қайта қоңырау шалыңыз, сондай-ақ 102-ге хабарласыңыз", – деп ескертеді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады