Полиция үй аралай бастады

Тәртіп сақшылары Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен және 60-тан астам еріктілермен бірлесіп жеке үйлерді аралауда, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Іс-шара өрт қауіпсіздігін алдын-алу, құқық бұзушылық пен қылмыстарды алдын алып, жолын кесу, сондай-ақ, халық арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілуде.

"Сарыарқа" ауданы ПБ қызметкерлері 1 күннің ішінде 260-қа жуық жеке үйлерді аралап шығып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері мен Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасының талаптарын түсіндірді, – делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері барлық тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жылыту пештері арқылы уланудан және жазатайым оқиғаларды алдын-алу үшін қауіпсіз пайдалану, бөтен біреудің мүлкін ұрлауды алдын-алу бойынша жадынамаларды таратты.

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады