8 ноября 2022 г. 13:22

Полиция Талдықорғандағы құрылыс объектісінде еңбек мигрантының өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Фото:

Полиция қызметкерлері Талдықорғанда құрылыс объектісінде еңбек мигрантының қаза табуы бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлады полицияның телеграм каналы. 

Алматы, NEGE. 6 қараша күні құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы қаза тапты. 24 жастағы жігіттің салынып жатқан ғимараттың 4-ші қабатынан абайсызда құлап қаза болғаны анықталды.

Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген шетелдік азамат болып шықты.

ҚР ҚК-нің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастады.

Тегтер: