Полиция командирі қоластындағыларды бопсалап келген

Атырауда патрульдік-полиция ротасының командирі қызметкерлерінен ақша бопсалаған, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Атырау облысы Полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасының командирі М. қызметі бойынша «қамқорлығы» үшін 5 000-нан 70 000 теңгеге дейінгі мөлшерде қарамағындағы қызметкерлерден бопсалау жолымен жүйелі негізде пара алып келген деген факті бойынша қылмыстық іс тергелуде. «Сот азамат М.-ды «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта аталған істі тергеу әрекеттері жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты