4 августа 2022 г. 13:38

Полиция көлігімен қағып кеткен алматылық әйел қайтыс болды

Фото:

Алматыда полицияның қызметтік автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті, салдарынан 49 жастағы алматылық оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы, NEGE.  Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Оқиға 3 тамыз күні түнгі уақытта Жансүгіров көшесінің бойында болған.

«Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті.Әйел оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер: