Полиция қызметкерлері жеке мәліметтерді сатқан

Петропавлда полиция қызметкерлері ритуалдық агенттіктерге коронавирустан қайтыс болғандар туралы мәліметті сатты деген күдікке ілінді.

Алматы, NEGE. СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Петропавл қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бірнеше қызметкері күдікке ілінді.

Олар облыс орталығындағы ритуалдық агенттіктерге қала аумағында қайтыс болған адамдар туралы мәліметтерді сатып келген.

Полицейлер қайтыс болған адамның сауалнамалық деректерін беріп, бұл қызметті 4 мың теңгеге бағалапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, бұл істің қалған мән-жайы тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу жүргізу нәтижесі бойынша қабылданбақ.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі