Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін талап етсе не істеу керек?

ІІМ өкілі 13 ақпаннан кейін полиция қызметкері жолда тоқтатып жүргізуші куәлігін талап етсе, өзіңмен болмаған жағдайда айыппұл жазамын деп қорқытса не істеу керегін айтты.

Алматы, NEGE. "Полиция қызметкері құжат талап етсе, 102 нөміріне немесе өзіндік қауіпсіздік бөліміне қоңырау шалсаңыз болады. Сот арқылы әкімшілік хаттама толтыруға қарсылығыңызды білдіре аласыз. Бұл жағдайда сіздің құқығыңыз шектелмейді", - деп жауап берді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Оның айтуынша, әр қызметкерге жаңа заңның нормасы түсіндіріліп, нұсқаулық өткізілген. Сондықтан мұндай оқиғалар болмайды.

Айта кетейік, 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатын алып жүруді міндеттемейтін заң жобасы күшіне енеді. Жүргізушіге  тек жеке куәлігі қажет.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірі жоқ болса ескерту немесе 5 АЕК (13 225 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 13 ақпаннан бастап айыппұл салынбайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр