Полиция музыка даусын қатты қосатын көлік иелерін видеоға түсіріп алу керектігін айтты

Полиция көлік салонында басқа жүргізушілерге кедергі келтірмес үшін музыканы қатты қоюға болмайды деп ескертті. Құқықбұзушыны жауапқа тарту үшін қатты музыка қосқан жүргізушілерді камераға түсіріп алу ұсынылды.

Алматы,NEGE. "Көлік ішінен ұзаққа естілетін, тым қатты музыка заңбұзушылық па? Ол басқа жүргізушілерді алаңдатады, басқа көліктердің ескерту сигналын және полиция қызметкерлері нұсқауын естуге мүмкіндік бермейді, бұл ЖКО-ға әкелуі мүмкін", - деп сұрады журналист ІІМ брифингінде.

"Ережеге сәйкес, жүргізушілер бір-бірінің құқығын бұзбауға тиіс. Барлық жүргізуші көлік қозғалысы үшін қауіпсіз жағдай жасауға, өзара сыпайы болуға, ережелерді сақтауға және басқаларға кедергі жасамауға міндетті. Егер біздің елде мұндай деректер анықталса, құқық бұзушылық туралы бейнежазба түсіріп, әкімшілік полиция комитетіне хабарлауды немесе сол жерден 102 нөмірін теруді ұсынамын" ,-  деп жауап берді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді