2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Полиция “қатемен жұмыс” жасап жатыр

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде “қатемен жұмыс” өткізуді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жаңа жүйені мекеме басшысы Жанарбек Бақтыбаев енгізді. Жіберілген қателерді талдау мақсатында полицейлер тәртіп сақшылары мен тұрғындардың қатысуымен желіге жарияланған бейнероликтерді қарап шығады. Осындай тәжірибе полицейлердің кәсіби деңгейін арттыра отырып, сонымен қатар әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды жүзеге асырады.
Мұндай өз әрекеттерін талдау полиция қызметкерлерінің сөйлесу мәдениетін жоғарылатады. Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің кәсіби дайындығы, тәрбиесі мен білімі басшылық құрамның ең бірінші орында. Аталған жаңа жүйе тек облыс орталығында ғана емес, сондай-ақ, өңірдегі әр ауданда енгізілді.