Полиция Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Астананың Полиция департаменті экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Алматы, NEGE. Астана қаласының Полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлайды.

"Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске саламыз”, – деді департаментте.