Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Желіде Есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің төрағасы Данияр Мейірханның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат тарады.

gov.kz

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігі Данияр Мейрхан тексеріс жүргізу кезеңінде қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілгенін растады.

Ол  ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасы қызметіне 2025 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді.

Оған дейін аталмыш комитетте төрағаның орынбасары, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары болды. Сондай-ақ ОҚО Полиция департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығы қызметтерін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды