Полиция ойын-сауық орындарындағы тексеріс нәтижесін жариялады

Алматыдағы ойын-сауық орындарына тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 114 заң бұзушылық анықталды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні Алматы полициясы темекі өнімдерін пайдалану бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 114 хаттама толтырылып, 162 кальян тәркіленді.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева Қазақстанда кальян сататын мейрамханалардың иелеріне жауапкершілік күшейетінін айтты.

Бұл мәселе бойынша Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, тиісті нормаларды пысықтап жатырмыз. Әкімшілік кодекс аясында айыппұл сомасын көтеру ұсынылып отыр. Заңға жаңа нормалар енгізілмек. Қолданыстағы заңнама кальян шегетіндерге қатысты шара қолдануды ғана реттейді. Бірақ рестораторларға немесе осы темекі заттарын өз нысандарында сататын кәсіпкерлерге қатысты нормалар қарастырылмаған. Сондықтан осы мәселелерді пысықтап жатырмыз, - деді Гүлнар Сәрсенбаева.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды