2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Полиция отбасылық жанжалға байланысты Рахат Тұрлыхановтың үстінен іс қозғады

Әнші Рахат Тұрлыхановтың жұбайына күш қолданды деген ақпаратқа қатысты Алматы полициясы пікір білдірді. 

Instagram

Алматы, NEGE. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, шақырту түскен соң оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары мән-жайды анықтау үшін Рахат Тұрлыхановты жұбайымен бірге аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Тексеру барысында әйел адам бастапқыда өзіне күш қолданылғанын хабарлаған. Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз жазған.

Тексеру нәтижесінде ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.