Полиция қоғамдық орындарда қорқор шеккендерді жазаға тартып жатыр

Ақтөбеде полицейлер қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салу туралы заңды бұзғандарды анықтау және жолын кесу мақсатындп рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. Рейд барысында танымал демалыс орындары мен ойын-сауық орындары тексерілді. Нәтижесінде бір күнде полицейлер облыс орталығының ойын-сауық орындарында қорқор шегудің 10-нан астам жағдайын тіркеді.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 4 әкімші және қорқор шеккен 7 келуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асты. Сондай-ақ 18 қорқор тәркіленді.

Қазіргі уақытта қорқор шегуге тыйым салумен байланысты бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейд жалғасып жатыр. Полиция азаматтарға заңды сақтауға, тыйым салынған және денсаулыққа зиян заттарды пайдаланудан бас тартуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді