Полиция қызметкерлері мен халық жиналды: Шерзат Болаттың әкесі журналистермен кездесуді талап етті

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылында марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қолына пышақ ұстап, БАҚ өкілдерімен кездесуді талап етті.

Әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Сондай-ақ ол құқық қорғау органдарынан ұлы мен інісінің өлімінің мән-жайын шынайы түрде анықтауды сұрады.

Әлеуметтік белсенділердің айтуынша, Нұрымов қазір жүк көлігінің төбесіне шығып, журналистермен кездесуді күтіп отыр. Оқиға орнында күш құрылымдары, бейбіт тұрғындар мен марқұмның туыстары бар.

Шерзаттың әкесі әділдік жоқ деп өз өзіне қол салмақ болды.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты