Полиция формасымен тікелей эфирге шыққан шымкенттік тиктокер жауапқа тартылды

Полиция қызметкерлері ТикТок желісінде полицей қыздың тікелей эфирінің бейнежазбасын анықтады.

Полиция

Алматы, NEGE. Полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушысын анықтады.

Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты. 

Полицияның нысанды киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нысанды киім тәркіленіп алынды. 

Қазір оқып жатыр

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады