3 ноября 2025 г. 12:01

Полиция Екатерина Биволдың іздеу карточкасын жариялады

Фото: qamqor.gov.kz

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволдың іздеу карточкасын жариялады.

Астана, NEGE. Астана қаласындағы «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасы Екатерина Биволды 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап іздестіріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Бішкекте де оған қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Тергеу «ұлтаралық, нәсілдік және өңіраралық араздықты қоздыру» бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Ал Қазақстанның ІІМ қазір қандай бап бойынша іс қозғалғанын нақтылаған жоқ.

Істің басталуына Биволдың әлеуметтік желілерде қазақтар мен қырғыздар туралы ерсі сөйлегені себеп болған.

Дмитрий және Екатерина Бивол 16 жыл некеде болып, 2023 жылдың тамызында ажырасқан. Екатеринаның айтуынша, ажырасуға күйеуінің опасыздығы себеп болған.