Полиция Алматы әуежайында болған оқиға туралы жаңа мәліметтер берді

Белгілі болғандай ер адам пышақпен жолаушыларды қорқытып, қол дорбасында «бомба» бар екенін айтқан.

видеодан кадр

Алматы, NEGE. Үш қылмыстық іс қозғалды: кепілге алу (ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлім 4-тармағы) – мүлкін тәркілеумен 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау (ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Терроризм актісі туралы жалған хабар беру (ҚР ҚК 273-бабы) – 5000 МРП дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот шешімімен күдіктіге екі айға қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды.

 Ішкі істер министрінің тапсырмасымен еліміздің әуежайлары мен вокзалдарының қауіпсіздік жүйесіне кешенді тексеру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды