Полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады

ІІМ өкілдері Жаңа жыл қарсаңында жүргізушілерді жолда абай болуға, көлікті сергек күйде жүргізуге шақырды.

Polisia.kz

Астана, NEGE. Полицейлер жолдағы бейқамдық орны толмас өкінішке ұласуы мүмкін екенін ескертеді.

«Әрбір жүргізуші жол жүрісі қағидаларын бұлжытпай орындап, көлік тізгініне тек сергек күйде отыруы тиіс. Мас күйде рөлге отыру – тек заң бұзу емес, адам өміріне төнген тікелей қауіп. Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды мүмкіндігінше абай болуға шақырады. 

Жолдағы жауапкершілік – амандықтың басты кепілі. Әр сапар сәтті аяқталсын!», – делінген ІІМ хабарламасында.

Жаңа жыл қарсаңында заң мен тәртіпті сақтау және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Полицейлер тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке түсіністікпен қарауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі