Полицейлер көпірден секірген әйелді құтқарып қалды

Тараз қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның көпірден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері өмірден түңілген жанды сабырға шақыруға тырысқан. Секірген сәтте полиция қызметкері оны киімінен ұстап қалмақшы болады. Алайда, қолынан суырылып шығып суға құлап кеткен. Осы сәтте полиция лейтенанты Әлиайдар Рысмұхамбетов ағысы қатты өзенге ізінше секіріп түседі. Сақшыға төтенше жағдайлар қызметкері мен жақын маңдағы жергілікті тұрғын көмекке келіп үлгерді.

Әйел аман-есен құтқарылып, жағаға шығарылды. Құлаған кезде кеудешесі жыртылып қалғандықтан, полиция қызметкері қамқорлық көрсетіп, өз киімін кигізген. Жапа шегушінің сөзінше мұндай жағдайға отбасылық жанжал себеп болған. Жедел жәрдем бригадасы әйелге қажетті медициналық көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»