Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады

Бүгін, 16 наурыз күні Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» клубтары арасында футбол матчы өтеді.

instagram.com/f.c.kairat

Астана, NEGE. Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қолға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақыланатынын мәлімдеді. 

«Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақтарда қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады», – деді ол.

Сондай-ақ ол жанкүйерлерді стадиондағы ережелерді сақтауға шақырды.