Полицейлердің жалақысы көтерілгенімен, ол инфляция әсерінен сезілмей отыр

Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 845 қызметкер қаза тауып, 4593-і жарақат алды

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Бұл мәселе "Ашық" НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көтерілген.

"Полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметі өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлармен байланысты. Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 845 қызметкер қаза тауып, 4593-і жарақат алды. 5 жыл ішінде оларға 1 887 зорлық-зомбылық, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау және азаматтар тарапынан агрессия көріністері тіркелді. Сондықтан ІІО қызметкерлерінің институционалдық және кәсіби мәртебесінің тиісті деңгейде болуы, оның ішінде полиция қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық қорғалу мәселесі өте маңызды", - деп жазылған құжатта.

Құжатта көрсетілгендей, қызметкерлердің жалақысы өскенімен, ол инфляция әсерінен сезілмей отыр.

"Осының салдарынан ІІМ-нің білікті кадрларды тарту үшін еңбек нарығында бәсекеге түсуге мүмкіндігі жоқ. Елдегі кадр тапшылығы шамамен 9% құраса, кейбір өңірлерде одан да жоғары. Сонымен қатар соңғы жылдары қызметтің бірінші жылында жұмыстан босатылған жас мамандардың саны артқан", - делінген 4 жылдық даму жоспарында.