Полицейді қағып кетті

Алматыда бақылау-өткізу пунктінде полиция қызметкерін қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Бұл оқиға 30 сәуірде күндіз Алматы қаласының Медеу ауданында орын алды. “BMW” маркалы көліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, № 13 бақылау-өткізу пунктінде қызмет етіп тұрған полиция қызметкерін соққан.
Полиция қызметкері жарақат алмаған. Көлік жүргізушісі 1943 жылы туған А. есімді ер адам. Оқиға болған жерде жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасады. Соқтығысу фактісін тергеуді Медеу ауданының ПБ әкімшілік-тәжірибелік бөлімі жүргізеді. Оқиғаның басқа мән-жайлары одан әрі заңға сәйкес шаралар қабылдау арқылы анықталады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?