Полицей жол апатынан қайтыс болды

Алматыда полиция қызметкері жол апатынан қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 18 сәуір жол-көлік оқиғасында, 1992 жылы туған Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының қызметкері қайтыс болды. Ол жеке көлігімен түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып бара жатқан, Әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өтіп, жерасты өткелінің қоршауына қарай соғысқан. Апат салдарынан полицей ауыр жарақат алды. Дәрігерлердің күші мен реанимациясына қарамастан, өкінішке орай, ол “жедел жәрдемде” қайтыс болды. Жүргізушінің қанында алкоголь анықталмады. Апаттың мән-жайы қосымша тергеу барысында анықталады. Алматы Полиция департаментінің басшылығы мен ұжымы оның қайғылы қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды