Полицей қоңырау шалып, көмекке шақырған 15 жасар қызды атып өлтірді

Қайғылы оқиға Огайо штатының Колумбус қаласында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Осыдан кейін ондаған адам шеруге шығып, полиция мекемесінің жанында наразылық шарасын өткізді. Жасөспірім тиген оқтан ауыр жарақат алып, шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер қыздың өмірін арашалап қала алмады. Алдын ала ақпарат бойынша құрбан болған қыз екінші бойжеткенге пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға полицейдің кеудесіндегі бейнекамераға жазылған. Тергеу жүріп жатыр.

Эндрю Гинтер, Колумбус мэрі:

 - Колумбус қаласында қасіретті күн. Қабырғамыз қайысып тұр. Мэр емес, әке ретінде ішім қан жылайды. Қолда бар мәліметке сүйенсек, полиция басқа қызды қорғаймын деп осындай қадамға барған. Қайтыс болған қыз отбасына енді ешқашан оралмайды.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды