Полиэтилен пакеттеріне тыйым салу жөніндегі заң жобасын қабылдады

Жогорку Кеңеш 11 маусымда «Қырғызстан аумағында полимерден жасалған пакеттерге шектеу қою жөніндегі заң жобасын» бірінші оқылымда қабылдады.

Алматы, NEGE. Депутат Марлен Маматалиев Қырғызстан аумағына полиэтилен пакеттерін әкелуге тыйым салуды, 2021 жылдан бастап елінде өндіруге тыйым салуды ұсынды. Тек экспортқа шығаруға ғана рұқсат дейді.

«Әлемнің көптеген елінде мұндай талаптер енгізілді. Мұндай пакеттер қоршаған ортаға орасан зиян келтіреді, жүздеген жылдар бойы шірімейді. Қазіргі технология экологиялық пакеттер шығаруға мүмкіндік береді», – деді депутат.

Ал құқық бұзушылық туралы Кодексе енгізілген өзгерістерге сәйкес, пакет өндіруге тыйым салынған талапты бұзса, жеке тұлғаларға 10 мың сом (134 доллар), заңдық тұлғаларға 28 мың сом (376 доллар) айыппұл салу қарастырылған.

Пластик қалдықтары Жер шарындағы ғаламдық экологиялық проблемалардың біріне айналды.

Экологтардың мәліметінше, 2012 жылдан бері мұхиттарда пластик қоқыстардың көлемі 165 миллион тоннаға жеткен. Ал жалпы пластмассадан жасалған қоқыстардың көлемі бес триллион тоннадан асады.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді