Пойызға билет сатып алу неге қиындады?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ техникалық ақауларға байланысты теміржол билеттерін сату жүйесі уақытша жұмыс істемейтінін мәлім етті.

Алматы, NEGE. Компания ақпаратына сәйкес, BILET.RAILWAYS.KZ сайтында және өзге де интернет-ресурстарда билеттерді рәсімдеу уақытша мүмкін болмайды.

Азаматтар пойызға билеттерді кассалардан сатып ала алады. Онда қазіргі уақытта сату процесі біртіндеп қалпына келтірілуде.

«Алайда, түйіткілді жою жұмыстары әлі де жалғасып жатқандықтан, билеттерді сатып алу кезінде техникалық ақаулар пайда болуы мүмкін», – деп ескертті «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған