Пойыз 37 жылқыны қағып кетті

Көкшетау станциясының темір жол төсемінде машинист 37 бас жылқыны басып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. Биыл 7 наурызда сағат 04.55-те Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөліміне "Қарағай-Уголки" аралығында жүк пойызының машинисі темір жол төсемінде үй жануарының болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып 37 жылқыны қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Осы дерекке байланысты оқиға орнына Көкшетау станциясындағы жергілікті полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шықты.

Көлік полицейлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі болып табылатын Ақмола облысының 43-жастағы тұрғыны анықталды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы 1-бөлігі, яғни, темiр жолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді